Олимпиада чемпионы жол апатына ұшырады

Фотография - Олимпиада чемпионы жол апатына ұшырады

Олимпиада чемпионы және 1500 метрге жүгіруден әлем чемпионы кениялық Асбель Кипроп өз елінде жол апатына ұшырады

288 0

Олимпиада чемпионы және 1500 метрге жүгіруден әлем чемпионы кениялық Асбель Кипроп өз елінде жол апатына ұшырады.

Кипроп таулы жердегі шұғыл бұрылыста көлікті басқара алмай қалған. Спортшының машинасы тасқа соғылып, жолдан шығып кеткен. Бұл туралы Agence France-Presse хабарлады.

Бір қуанарлығы, Кипроп жеңіл жарақаттанған. 24 жастағы Кипроп 2013 жылы Мәскеуде жеңіл атлетикадан өткен әлем чемпионатында 1500 метрлік қашықтықты бағындырып, алтын еншіледі. Бұл оның әлем біріншілігіндегі екінші алтыны. Бірінші рет Кипроп Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында өткен чемпионатта жеңімпаз атанды.

2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Кипроп ақтық бәсекеде (1500 метр) екінші орыннан көрінген болатын. Алайда Бахрейннен келген Рашид Рамзи допинг қолданғаны үшін алтын жүлдеден айырылып, ресми түрде кениялық спортшы жеңімпаз атанған еді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!