Қазақстан самбодан өткен әлем чемпионатында екі алтын олжалады

Фотография - Қазақстан самбодан өткен әлем чемпионатында екі алтын олжалады

21-25 қараша күндері аралығында Ресейдің Санкт-Петерборында самбодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды

109 0

21-25 қараша күндері аралығында Ресейдің Санкт-Петерборында самбодан өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Сонымен еліміздің құрамасы атынан Арман Оспанов (68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде) пен Павел Лысенко (100 келіге дейінгі салмақта) қарсылас шақ келтірмей, алтыннан алқа тағынып отыр. Финалдық белдесулерде Оспанов жарыс қожайыны Руслан Гасанхановтан басым түссе, ал Лысенко беларусь Станислав Колбасовтан айласын асырды. Айта кетейік, жерлесімізді жеңісімен Ресей президенті Владимир Путиннің өзі келіп құттықтады.

Одан бөлек құрама қоржынына бір күміс (Руслан Аушев) және бес қола медаль (Қазбек Супуғалиев, Ділдаш Күрішбаев, Асет Әлдешов, Сергей Афанассенко және Алмаз Сүлейменов) түсті. 

Ал жалпыкомандалық есепте Ресей спортшылары топ жарды (15 алтын, 4 күміс және 8 қола). Екінші орын украиналық спортшыларға бұйырды (оларда жалпы саны 13 медаль бар).


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!