Дзюдошыларымыз «Үлкен Дулыға» додасында

Фотография - Дзюдошыларымыз «Үлкен Дулыға» додасында

29  қараша мен 1 желтоқсан аралығында  Жапонияның Токио қаласында  дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс

240 0

29  қараша мен 1 желтоқсан аралығында  Жапонияның Токио қаласында  дзюдодан «Үлкен Дулыға» турнирі өтеді. Бұл биылғы маусымның шымылдығын жабатын ең соңғы сайыс.

Ермек Имамбеков пен Владимир Кичатов баптайтын Қазақстан ерлер құрамасы Токиоға төмендегі құраммен аттанады:

60 келіге дейінгі с/д – Елдос Сметов пен Асхат Тельманов

66 келіге дейінгі с/д – Азамат Мұқанов пен Елдос Жұмаханов

73 келіге дейінгі с/д – Дастан Ықыбаев пен Ертуған Төренов

81 келіге дейінгі с/д – Дәулетхан Жақыпов пен Бекжан Әбдуәлиев

100 келіге дейінгі с/д – Максим Раков

100 келіден жоғары с/д – Ержан Шынкеев

Сергей Лим (66 келіге дейінгі с/д) мен Ислам Бозбаев (90 келіге дейінгі с/д) бұл турнирге қатыспайды.

Турнир кестесі

29 қараша, жұма, бірінші сайыс күні

10:00 – қыздар: 48,52,57 келі с/д; ерлер: 60 және 66 келі с/д

13:30 – сайыстың ашылу салтанаты

15:30 – финалдық кездесулер

30 қараша, сенбі, екінші сайыс күні

10:00 – қыздар: 63 және 70 келі с/д; ерлер: 73 және 81 келі с/д

15:30 – финалдық кездесулер

1 желтоқсан, жексенбі, үшінші сайыс күні

10:00 – қыздар: 78,+78 келі с/д; ерлер: 90,100,+100 келі с/д

15:30 – финалдық кездесулер


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!