«Барыстың» хоккейшілері «Слованды» айқын басымдықпен жеңді

Фотография - «Барыстың» хоккейшілері «Слованды» айқын басымдықпен жеңді

Кеше «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Слован» (Словакия, Братислава) командасын ойсырата ұтты.

236 0

Кеше «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Слован» (Словакия, Братислава) командасын ойсырата ұтты.

Айта кетерлігі, бұған дейін Братислава қаласында өткен ойында «Барыстың» хоккейшілері «Слованды» 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын. Осы жолы да Астана қаласының хоккей клубы қарсыластың қақпасына алты шайба соғып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Ойынның басында «Слован» есепті бірінші болып ашты. Алайда кейін сол бір шайбадан аса алмады. «Барыс» болса, үш кезеңнің әрбіреуінде екі шайбадан соғып, есеп айырмасын 6:1-ге жеткізе білді. Бұл матчта Константин Руденко, Дмитрий Уппер, Майк Ландин және Дастин Бойд нәтижелі соққылармен көзге түссе, Найджел Доус дубльдың, яғни екі бірдей шайбаның авторы атанды. Оны ол үшінші кезеңде қатарынан соқты.

Бұл ойыннан кейін «Барыс» тағы 3 ұпайға қол жеткізіп, барлығы 62 ұпаймен жалпытурнирлік кестеде төртінші орынды сақтап келеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!