Головкин Мейвезермен кездесу үшін салмақ тастауға дайын

Фотография - Головкин Мейвезермен кездесу үшін салмақ тастауға дайын

WBA дәрежесінде орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин америкалық кіші Флойд Мейвезермен кездесу үшін салмақ тастауға дайын. Бұл туралы қазақстандық боксшының бапкері Абель Санчес Koncrete Jungle порталына берген сұхбатында мәлім етті.

177 0

36 жасар кіші Мейвезер алғашқы орта салмақтағы (70 келі) әлемнің үздік боксшысы деп танылған. Сондықтан америкалық боксшымен кездесу үшін Головкинге 3 келідей салмақ тастау керек. Абель Санчестің айтуынша, Головкин салмақ тастауға дайын.

Ал Мейвезердің әкесі Головкинмен кездесу үшін салмағын арттырмауға кеңес берген еді. Өйткені алғашқы орта салмақта әзірге америкалыққа тең келер боксшы жоқ екен.

Бұған қоса, Санчестің айтуынша, келер жылы Головкин тағы бір америкалық боксшы Андре Уордпен кездесуі мүмкін. Ал Уордпен кездесу үшін Головкинге 4 келідей салмақ қосу керек.

Бұрын да айтқанымыздай, отандасымыздың келесі жекпе-жегі 2014 жылдың 1 ақпанында Монте-Карлода өтеді. Әзірге оның қарсыласы кім болатыны белгісіз. Жерлесіміз келесі жылы жалпы саны 4 кездесу өткізуді жоспарлап отыр.

Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!