Оңтүстіктің оғландары озып тұр

Фотография - Оңтүстіктің оғландары озып тұр

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары спорттың 52 түрі бойынша ҚР чемпионаттарынан 281-алтын жеңіп алған

137 0

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары спорттың 52 түрі бойынша ҚР чемпионаттарынан 281-алтын жеңіп алған. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев мәлімдеп отыр, деп хабарлайды ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметінен.

Басқа басшысының айтуынша облыста 76 мемлекеттік меншіктегі спорт мекемелері мен кәсіпорындары жұмыс атқарады. Олар: 18 облыстық, 48 қалалық және аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен 8 облыстық және 1 аудандық мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны мен 1 акционерлік қоғамы. Дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар саны облыста жыл сайын артуда. 2012 жылдың қорытындысы бойынша облысымызда дене шынықтыру және спортпен тұрақты түрде шұғылданатындардың саны 427 602 адамды құрап, облыстағы барлық жастағы халықтың қамтылуы 16%-ға жетсе, 2013 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жалпы шұғылданушылар саны 443 736 адамға жеткен.

«Спорт сайыстарынан жетістіктер мол екенін де айта кету керек. Мәселен, 2013 жылдың 10 айында облыс спортшылары спорттың 52 түрі бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен біріншіліктеріне қатысып, 281-алтын, 273-күміс, 286-қола медаль жеңіп алды. Жыл басынан бері өткен Азия чемпионаттарында облыс спортшылары, 34-алтын, 19-күміс және 23-қола медальге қол жеткізсе, осы уақыт арасында өткен Әлем чемпионаттарында облыс спортшылары, 10-алтын, 9 - күміс және 16- қола медальге ие болды»,-деді Оңтүстік Қазақстан облысы Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әлібек Нұртаев.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!