Касильяс "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін

Фотография - Касильяс "Манчестер Ситиге" ауысуы мүмкін

Испания құрамасының қос бірдей ойыншысы қысқы трансферлік ауысымда клуб сапын ауыстыруы мүмкін

107 0

Испания құрамасының қос бірдей ойыншысы қысқы трансферлік ауысымда клуб сапын ауыстыруы мүмкін.

Mundo Deportivo басылымы мадридтік "Реалдың" қақпашысы Икер Касильяс ағылшын алпауыты "Манчестер Ситиге", ал лондондық "Челсидің" жартылай қорғаушысы Хуан Мата мадридтік «Атлетикоға» ауысуы мүмкін деп жазуда.

Өздеріңіз білетіндей, қос ойыншыға да соңғы уақытта ойын практикасы жетіспей жүр: Касильяс негізгі құрамды Диего Лопеске беріп қойса, ал Мата Жозе Моуриньюдің сеніміне кіре алмай келеді.

Ертеректе Касильястың "Шалькеге" алты айға жалға баратыны туралы да айтылып еді. Алайда, "корольдік клубтың" бас бапкері Карло Анчелотти испан қақпашысын ешқайда жібермейтінін айтқан болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!