Қ. Көшербаев «Қайсарға» жаңа жаттықтырушысын таныстырды

Фотография - Қ. Көшербаев «Қайсарға» жаңа жаттықтырушысын таныстырды

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол командасының ойыншыларына жаңа бас жаттықтырушыны таныстырды

174 0

Кеше Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев «Қайсар» футбол командасының ойыншыларына жаңа бас жаттықтырушыны таныстырды.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Сыр бойындағы бас қаланың футбол ұжымы тізгінін қазақстандық белгілі жаттықтырушы Дмитрий Огай қабылдап алды. Ол өзінің бапкерлік мансабында Павлодардың «Ертіс» командасын 2002 және 2003 жылдары екі рет чемпион етіп шығарған. Сол сияқты Қостанай «Тобылының» үш рет күміс, екі рет қола медаль алуы да Дмитрий Огайдың еңбегінің жемісі. Былайша айтқанда, республика жаттықтырушылары арасында жетістікке ең көп жеткен бапкер болып табылады.

Дмитрий Огай - Жамбыл футбол мектебінің түлегі. Кезінде Ташкенттің «Пахтакоры» мен Алматының «Қайраты» сапында жартылай қорғаушы болып ойнаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!