«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Металлург»

Фотография - «Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Металлург»

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» (Ресей, Магнитогорск) командасымен кездеседі

293 0

Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда «Металлург» (Ресей, Магнитогорск) командасымен кездеседі.

Магнитогорлық «Металлург» хоккей клубы «Барыс» үшін оңай қарсылас емес. Өткен жылғы чемпионатта екі команда төрт рет кездескен болатын. Сол ойындардың барлығында да «Металлургтың» мерейі үстем болды. Биылғы чемпионат аясында өткен алғашқы ойында да «Барыс» оны жеңе алмай, 1:2 есебімен жол берген. Жалпы, Құрлықтық хоккей лигасы құрылғалы бері бұл екі құрама 18 мәрте бір-біріне қарсы шыққан. Сонда «Металлург» 12 рет жеңіске жетсе, «Барыс» 6 матчта өз басымдығын таныта білді. Бүгінгі жалпытурнирлік кестеде Астана қаласының хоккей клубы өз қарсыласынан үш-ақ сатыға жоғары тұр. «Барыс» 62 ұпаймен төртінші орында орналасса, «Металлург» - жетінші орында. Оның еншісінде 57 ұпай бар.

Айта кетейік, бүгінгі ойын Астана уақыты бойынша сағат 17:00-де басталады. Оны «KAZsport» телеарнасы тікелей эфир арқылы көрсетпек.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!