УЕФА кубогының финалы Алматыда өтуі мүмкін

Фотография - УЕФА кубогының финалы Алматыда өтуі мүмкін

Шағын футболдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі оңтүстік астанамыз Алматының Балуан Шолақ спорт сарайында өтуі мүмкін. «Қайрат» УЕФА-ның щтаб пәтеріне «Төртеудің финалын» өз жерімізде өткізуге байланысты өтініш жіберіпті

221 0

Шағын футболдан УЕФА кубогының финалдық кезеңі оңтүстік астанамыз Алматының Балуан Шолақ спорт сарайында өтуі мүмкін. «Қайрат» УЕФА-ның щтаб пәтеріне «Төртеудің финалын» өз жерімізде өткізуге байланысты өтініш жіберіпті.


      Дегенмен,бұл тұрғыда  «Қайраттың» бәсекелестері жоқ емес. УЕФА кубогының финалын өз жерінде өткізуден ақтық сынға жолдама алған клубтың барлығы да үміткер. Атап айтсақ, финалдық кезең Алматыдан бөлек, Баку, Барселона және Мәскеу қалаларында да өтуі мүмкін. Осы қалалардың ішінде УЕФА кубогының финалын қабылдамаған Әзірбайжанның Баку қаласы ғана. Қалған үшеуі де мәртебелі доданы өз жерлерінде өткізген. 2008 жылы Мәскеу, 2011 жылы Алматы, 2012 жылы Барселона қалалары «Төртеудің финалын» ұйымдастырған.

    Енді УЕФА кубогының кезекті финалдық додасы қай қалада өтетіні 12 желтоқсанда Испанияның Бильбао қаласында өтетін УЕФА Атқару комитетінің мәслихатынан кейін белгілі болады.

            Естеріңізге сала кетейік, финалдық сын 2014 жылдың сәуір айында өтеді. Ақтық сынға Алматының «Қайраты», Әзірбайжанның «Аразы», Ресейдің «Динамосы» және Испанияның «Барселонасы» жолдама алған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!