Көкпар мен бүркітшілік өнерді ешкім патенттеп алған жоқ

Фотография - Көкпар мен бүркітшілік өнерді ешкім патенттеп алған жоқ

Қоғамда қазақтың ұлттық спорты көкпар мен төл сусынымыз қымызды өзге этнос-өкілдерінің өз аттарына заңдастырып алғаны туралы ара-кідік айтылып жүр

196 0

Қоғамда қазақтың ұлттық спорты көкпар мен төл сусынымыз қымызды өзге этнос-өкілдерінің өз аттарына заңдастырып алғаны туралы ара-кідік айтылып жүр.  

Осы мәселеге орай, ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Бекболат Тілеухан былай дейді:

«Біріншіден, көкпарды ешкім патенттеп алған жоқ. Бүгінде оның штаб-пәтері Астанада қаласында орналасқан. Көкпардың туы қазақтың қолында. Күні кеше елімізде бүркітшілердің халықаралық фестивалі дүркіреп өтті. Оған әлемнің 12 мемлекетінен бүркітшілер қатысты. Мәртебелі меймандар бүркітшілік яки саятшылық өнердің түп негізі қазақтан шыққанын мойындап отыр. Олардың мұндай жоғары бағасы потенттен де артық емес пе?»,-деді ол.

Сондай-ақ, Бекболат Тілеухан көкпар мен бүркітшілік тек қазақтың төл өнері деп санау өзімшілдік болатынын алға тартып, бұл спорттық ойындар Азия мен Еуропаның бірқатар елдерінде де жақсы дамығанын атап өтті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!