Смақов пен Лория Әзірбайжан чемпионатына ауыспақ

Фотография - Смақов пен Лория Әзірбайжан чемпионатына ауыспақ

Қазақстандық футболшылар Самат Смақов пен Давид Лория келесі маусымды Әзірбайжан чемпионатында өткізуі мүмкін. Бүгінде Алматының «Қайратында» өнер көрсететін қорғаушы мен қақпашыға Ленкаронның «Хазар» футбол клубы қызығушылық танытуда

250 0

Қазақстандық футболшылар Самат Смақов пен Давид Лория келесі маусымды Әзірбайжан чемпионатында өткізуі мүмкін. Бүгінде Алматының «Қайратында» өнер көрсететін қорғаушы мен қақпашыға Ленкаронның «Хазар» футбол клубы қызығушылық танытуда. Бұл туралы ақпаратты Azerifootball.com сайты таратты.


            Алдымен айта кетейік, бүгінде Әзірбайжанның «Хазар» клубын түркиялық маман Мұстафа Денизли жаттықтырады. Қазақ футболшыларымен жақсы таныс Денизли Түркияның Супер-лигасында «Ризеспор» клубын жаттықтырып, Давид Лориямен екі жыл, Самат Смақовпен бір жыл бірге жұмыс істеген. Әлеуеттерін жақсы біледі.

            «Мұстафа Денизли жаттықтыратын Әзірбайжанның «Хазары» 32 жастағы Давид Лория мен 34 жастағы Самат Смақовты шақыруға ниеттеніп отыр. Соңғысы Қазақстанның ең әйгілі футболшыларының бірі. Ұлттық құрама сапында 60-тан астам ойын өткізген. Өткен маусымда екеуі де Денизлидің қарамағында «Ризеспор» сапында өнер көрсеткен. Смақов «Ақтөбеден» Түркия клубына Мұстафа Денизлидің қалауымен ауысқан.

            «Хазар» футбол клубы қазақстандықтарға 1,5 жылдық келісімшарт ұсынады деп күтілуде. Келісімшарт сомасы қомақты болмақ. Өйткені, Түркияда бұл футболшылардың жылына 400 мың АҚШ доллары көлемінде жалақы алатын», - деп келтірілген Azerifootball.com сайтында.

            Айта кетейік, 2013 жылдың жазында Смақов пен Лория «Қайрат» футбол клубымен келісімшартқа отырған. Давид 3,5 жылдық, Самат 2,5 жылдық келісімшартқа қол қойыпты. «Қайраттағы» жарты жылдары өтті. Биыл алматылық команданың сапында Лория 13 ойын өткізсе, Смақов жарақатына байланысты небәрі 7-ақ ойынға қатысқан.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!