«Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері «Динамоны» жеңді

Фотография - «Қазцинк-Торпедоның» хоккейшілері «Динамоны» жеңді

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Ресей, Мәскеу облысы, Балашиха) командасын жеңді

369 0

Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедо» хоккей клубы өз алаңында «Динамо» (Ресей, Мәскеу облысы, Балашиха) командасын жеңді - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Бұл ойында «Динамо» хоккейшілерінің қарқыны қатты болды. Матчтың бірінші кезеңінде олар екі минуттың ішінде үш шайба соғып, «Қазцинк-Торпедоны» айқын басымдықпен жеңе бастады. Есеп - 0:3. Екінші кезеңде есеп айырмасы өзгермеді. Алайда үшінші кезеңде Өскемен қаласының хоккей клубы төрт минуттың ішінде таразы басын теңестіре білді. Қосымша уақытта жеңімпаз анықталған жоқ. Ал буллит сериясында Александр Волжанкиннің нәтижелі соққысы «Қазцинк-Торпедоға» жеңіс сыйлады. Қорытынды есеп - 4:3.

Айта кетейік, осы ойыннан кейін «Қазцинк-Торпедо» қосымша екі ұпайға қол жеткізіп, Жоғары хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 4-ші орынға көтерілді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!