Golden Boy 2013 иегері Поль Погба

Фотография - Golden Boy 2013 иегері Поль Погба

Еуропаның үздік жас ойыншысына берілетін Golden Boy марапатына биыл «Ювентус» пен Франция құрамасының ойыншысы Поль Погба  лайық деп табылды

269 0

Еуропаның үздік жас ойыншысына берілетін Golden Boy марапатына биыл «Ювентус» пен Франция құрамасының ойыншысы Поль Погба  лайық деп табылды.

Қатарластарынан оза шапқан жас дарын дауыс беру нәтижесінде «Эвертонда» жалда жүрген  Ромелу Лукаку мен «Шальке» командасында ойнайтын  Юлиан Дракслерді басып озып үздік атанды.

2013- жылдан бастап беріле бастаған Golden Boy сыйына бұдан бұрын төмендегі танымал ойыншылар ие болған еді: Рафаэль ван дер Варт (2003), Уэйн Руни (2004), Лионель Месси (2005), Сеск Фабрегас (2006), Серхио Агуэро (2007), Андерсон (2008), Алешандре Пато (2009), Марио Балотелли (2010), Марио Гётце (2011), Иско (2012).

Жиырмаға енді толған жас пері Поль Погба «Ювентус» сапында Италияның екі дүркін жеңімпазы атанса Францияның жасөспірімдер құрамасымен үстіміздегі жылы әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Сонымен қатар Франция ұлттық құрамасымен Бразилия жерінде өтетін Әлем чемпионатының жолдамасын да қоржынға басты.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!