Гір спортынан әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіс тұғырынан көрінді

Фотография - Гір спортынан әлем чемпионатында қазақстандықтар жеңіс тұғырынан көрінді

Жақында Ресейде гір спортынан әлем чемпионаты өтті. Онда Қазақстан спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді

149 0

Жақында Ресейде гір спортынан әлем чемпионаты өтті. Онда Қазақстан спортшылары жоғары нәтижеге қол жеткізді.

22 мемлекеттен 250-ден астам сом білекті атлет сайысқа түскен бүкіләлемдік біріншіліктің жалпыкомандалық есебінде Қазақстан спортшылары үшінші орынға ие болды.

32 келі гір тасын көтеруден ақтөбелік Евгений Гончаров тағы да теңдессіз шығып, биыл да әлем чемпионы атанды. Ол 10 минутта 32 келі гір тасын 85 рет көтерді.

Сондай-ақ теміртаулық Татьяна Потемкина да кәсіби спортшылар арасында әлем чемпионы атанды. Петропавл қаласының өкілі Владислав Третьяков жұлқа көтеруде әлем рекордын жаңартып, чемпионаттың күміс жүлдегері атанды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Ал Нұрсұлтан Күлдеев, Жадыра Қанапиянова, Тимур Мүшекенов, Михаил Вологодский, Сергей Карпенко, Юрий Константинов және тағы да басқа спортшыларымыз қола жүлдеге ие болды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!