Роналдо: «Алтын допты» Месси алуға тиіс»

Фотография - Роналдо: «Алтын допты» Месси алуға тиіс»

Бразилия құрамасының және мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Роналдоның пікірінше Месси «алтын доптарының» санын биыл беске жеткізеді

287 0

Бразилия құрамасының және мадридтік «Реалдың» бұрынғы ойыншысы Роналдоның пікірінше Месси «алтын доптарының» санын биыл беске жеткізеді.

Қазір «алтын допқа» басты үміткерлер қатарында француз Франк Рибери, португалдық Криштиану Роналду, және аргентиналық Лионель Месси жиі айтылады. Даңқты ойыншының ойынша Месси жарақатына қарамастан беделді сыйлықты биыл тағы да қанжығасына байлайды.

«Менің ойымша «Алтын доп» Мессиге тиесілі. Ол соңғы бес жылда тамаша ойын өрнегін көрсетті. Месси әлем футболының жарқын жұлдызы саналады. Қазір оның азғантай жарақаты бар. Енді қуатын қайта қалпына келтіруі қажет» дейді Роналдо Goal.com. сайтына берген сұхбатында.  

«Алтын доптың» салтанатты марапаттау рәсімі 2014 жылы қаңтарда өтеді.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!