Басты меже -Сочи олимпиадасына 40-тан астам лицензия ұтып алу

Фотография - Басты меже -Сочи олимпиадасына 40-тан астам лицензия ұтып алу

Қазақстан Сочи олимпиадасына 10 спорт түрінен 40-тан астам лицензия ұтып алуды жоспарлауда

160 0

Қазақстан Сочи олимпиадасына 10 спорт түрінен 40-тан астам лицензия ұтып алуды жоспарлауда.

Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазіргі күні спортшылар спорттың 7 түрінен 33 қазақстандық спортшы олимпиада ойындарына қатысу құқығын жеңіп алды.Дегенмен олар олимпиадаға дейін жеңіп алған лицензияларын қуаттау үшін әлем кубоктарының барлық кезеңдеріне қатысуы тиіс.

«Толықтай алғанда лицензиялық кезең аяқталғанға дейін спорттың 10 түрінен 40-тан астам лицензия ұтып алуды жоспарлаудамыз. Елдің олимпиадалық құрамасын жасақтау атлеттердің физикалық дайындық деңгейін, олардың психологиялық тұрақтылығын, сондай-ақ қорытынды іріктеу кезеңдерінің және допингіге қарсы бақылаудың нәтижелері ескеріле отырып келесі жылдың қаңтарына дейін жалғасатын болады »,-деді Т. Есентаев.

Естеріңізге сала кетейік, Ванкуберде өткен қысқы олимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен 37 лицензия жеңіп алған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!