Жәнібек Әлімханұлына пәтер берілді

Фотография - Жәнібек Әлімханұлына пәтер берілді

Талдықорғанда облыстың атақты спортшылары мен жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді

285 0

Талдықорғанда облыстың атақты спортшылары мен жаттықтырушыларына құрмет көрсетілді.

Облыс әкімі Аңсар Мұсахановпен салтанатты кездесуге 16 спортшы шақырылды. Олардың қатарында жыл сайын облыс намысын абыроймен қорғап, ел қоржынын алтын жүлдеге толтырып жүрген әлем және Азия чемпиондары бар.

Өңір басшысы барлық жиналғандарға алғыс білдіріп, оларға жалпы сомасы 9 млн. теңге ақшалай сыйақы тапсырды. Басты жүлде – екі бөлмелі пәтер мен 2,3 млн теңге сыйақы боксшы Жәнібек Әлімханұлына берілді. Алакөл ауданының тумасы биыл Алматыда өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасына төртінші «алтынды» алып бергені әлі есімізде. Теккен төр зая кетпеді. Елім деген жігіттің еңбегін елі ескерді.

Аңсар Мұсаханов Жәнібек болашақ жазғы іріктеу жарыстарынан іркілмей өтіп, Олимпиада ойындарының жолдамасын ұтып алатынына және онда лайықты нәтижеге қол жеткізетініне сенім білдірді. Бұрын алакөлдіктер жерлестеріне жаңа «Шевроле» автокөлігінің кілтін, ал оның жаттықтырушысы Мұрат Сиқымбаевқа тұлпар сыйлаған болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!