Еуразия Барысы: Ресей балуандары алға шықты

Фотография - Еуразия Барысы: Ресей балуандары алға шықты

«Тараз Арена» спорт кешенінде тұғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өтуде

179 0

«Тараз Арена» спорт кешенінде тұғыш рет қазақ күресінен «Еуразия Барысы» халықаралық турнирі өтуде. Бозклемде ресейлік және қытайлық балуандар шеберлік айқасты. Нәтижесінде теріскейдегі көршіміз 3:2 есебімен жеңіске қол жеткізді.

  Ресейде қазақ күресі Федерациясы бірнеше жылдан бері үздіксіз жұмыс істеп келеді. Қазақ күресінен өтетін халықаралық турнирге қатысуға алғаш болып ниет білдірген де осы елдің балуандары болатын.


60 келі салмақ дәрежесінде Ресей елінің намысын қорғаған Сергей Филиппов қазақ күресінен ІХ Азия біріншілігінің күміс жүлдегері, дзюнгоштан (қытай күресі) Қытай чемпионы қытайлық балуан Ериденгбаолиганы айқын басымдықпен ұтса, 70 келідегі Андрей Ковалевский Ли Чанкунгтен айласын асыра алмады. Ал 80 келі салмақ дәрежесіндегі Артем Ковалевский Иерденг Чаокету ұтып, командасын 2:1 есебімен алға шығарды. Мұнан кейін боз кілемнің көркін 90 және +90 келідегі балуандар қыздырды. 90 келі салмақта Фан Жиан самбодан Ресейдің бірнеше дүркін чемпионы Дмитрий Михайловқа есе жіберсе,

Ал аса ауыр салмақта қазақ күресінен Азия чемпионы, Қытай ұлттық күресінен ел чемпионы саналатын Ядир есімді балуан Алексей Александровты таза ұтты.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!