Михай Нистор «Астана арландары» сапынан кетті

Фотография - Михай Нистор «Астана арландары» сапынан кетті

Өткен маусымда «Астана арландарының» намысын қорғап, көрермендердің көзайымына айналған румыниялық боксшы Михай Нистор Қазақстаннан сүйік­тісі үшін кетіп қалыпты

122 0

Өткен маусымда «Астана арландарының» намысын қорғап, көрермендердің көзайымына айналған румыниялық боксшы Михай Нистор Қазақстаннан сүйік­тісі үшін кетіп қалыпты. Бұл туралы өзінің сұхбаттарында Михайдың өзі мәлімдеді.

Әлбетте, «Астана арландары» клубының басшылығы румын жігітін командада қалдыр­ғысы келген. Бірақ қанша келіссөздер жүргізгенімен, Нистор Қазақстанда қалғысы келмеді. Жаңа маусымның алдында «Милан найзағайымен» келісімшартқа отырып, Италияға көшіп кетті - деп хабарлады  baq.kz

«Қазақстан Румынияға тым алыс болды. Жақында­рыммен, туыс, бауырларыммен көрісуім тым сиреп, елге ілуде бір келіп жүрдім. Сүйіктіммен де көрісе алмай қиналдым. Ал Италия Румынияға жақын. Менталитетіміз де ұқсас. Қазір сүйіктім қасымда. Дегенмен «Астана арландарының» басшылығына да алғысым шексіз. Қазақстанды ешқашан ұмытпаймын», - деді румыниялық легионер.

Естеріңізге сала кетейік, Нистор италиялықтардың са­пында шаршы алаңға шығып та үлгерді. Бірінші турда ар­гентиналық Факундо Гиглионмен жұдырықтасып, екінші раундтың соңында техникалық нокаутпен жеңіске жетті.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!