Олимпиаданың алтын медалі 1,5 млн. долларға сатылды

Фотография - Олимпиаданың алтын медалі 1,5 млн. долларға сатылды

1936 жылы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында американдық жеңіл атлетші Джесси Оуэнске бұйырған алтын 8 желтоқсан күні онлайн SCP бассаудасында 1466574 долларға сатылды

143 0

1936 жылы Берлинде өткен Олимпиада ойындарында американдық жеңіл атлетші Джесси Оуэнске бұйырған алтын 8 желтоқсан күні онлайн SCP бассаудасында 1466574 долларға сатылды.

Бұл туралы Associated Press хабарлады.

Медальді американдық миллиардер Рон Беркл сатып алды.

1936 жылы Адольф Гитлердің қатысуымен Берлинде өткен жазғы Олимпиада ойындарында АҚШ құрамасының сапында бағын сынаған қара нәсілді спортшы төрт алтын иеленген болатын.

Бәссаудада сатылған медаль осыған дейін биші Билла Робинсонға тиесілі болды. Оны Оуэнстің өзі оған жұмыс іздеуге көмектескені үшін алғыс ретінде сыйлаған. Қалған үш медальдің қайда екені белгісіз.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!