«Барыс» төрт ойында үш рет жеңіске жетті

Фотография - «Барыс» төрт ойында үш рет жеңіске жетті

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт ойында үш рет қатарынан жеңіске жетіп, 8 ұпайды олжалап қайтты

163 0

Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт ойында үш рет қатарынан жеңіске жетіп, 8 ұпайды олжалап қайтты.

«Барыстың» хоккейшілері «Металлург» (Магнитогорск) пен «Трактор» (Челябі) сынды азулы командаларды, сондай-ақ «Нефтехимик» (Нижнекамск) құрамасынан басым түсіп, соңғы ойында «Салават Юлаевқа» жол беріп қойды. Дегенмен, Астана қаласының хоккей клубы сырт алаңда өткізген төрт матчтан 8 ұпай олжалады. Соның арқасында оның жалпы ұпай санын 70-ке жеткізіп, Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. Ал лиганың Шығыс конференциясында «Барыс» көш бастап келеді. Айта кетейік, бұған дейін өз алаңында өткізген төрт ойында «Барыс» үш рет ұтылған. Братиславаның «Слован» командасымен өткізген матчта ғана 6:1 есебімен жеңіске жетіп, толық үш ұпайға қол жеткізген.

Келесі ойынды «Барыс» өз алаңында өткізеді. Астанада ол «Металлург» (Ресей, Новокузнецк) командасын қабылдайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!