Бүгін Дүниежүзілік футбол күні

Фотография - Бүгін Дүниежүзілік футбол күні

Бүгін ресми емес, бірақ дәстүрлі түрде аталып өтетін Дүниежүзілік футбол күні

242 0

Бүгін ресми емес, бірақ дәстүрлі түрде аталып өтетін Дүниежүзілік футбол күні.

Миллиондаған адамдарға тек ойын ғана емес, өмір стиліне айналған спорттың бұл түріне халықаралық қоғамдастық ерекше құрмет көрсетуде. Футбол ойыны туралы алғашқы ескертпені тарихшылар біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы қытай деректерінен тапқан. Ол Цу Чю деп аталған, «аяқпен итеру» деген мағынаны білдіреді. Футбол ойыны қытай жауынгерлеріне дене формасын қалыпты сақтауға септігін тигізген. Ал кейбіреулер футболдың ізашары деп 8-ші ғасырда Англияда өмір сүрген саксондардың жабайы ойынын таниды. Олар ұрыстан кейін шайқас даласында дұшпанының шабылған басын тепкілеп ойнаған. Футболды біздің заманымызға дейінгі екі жарым мыңжылдықта Ежелгі Грекияда мен Римде де ойнаған. Грекияда бұл ойын жауынгерлік қимылдардың барлық мүмкіншілігін пайдалана отырып ойналып, «доп үшін шайқас» деп аталған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!