Жас хоккейшілеріміз Ұлыбритания құрамасын ойсырата ұтты

Фотография - Жас хоккейшілеріміз Ұлыбритания құрамасын ойсырата ұтты

Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы Ұлыбритания командасын масқара етіп ұтты

265 0

Қазақстанның хоккейден жастар құрамасы Ұлыбритания командасын масқара етіп ұтты.

Ойын 6:1 есебімен аяқталды. Қазақстан құрамасынан алғашқы голды Юрий Сергиенко салды. Екінші таймда Кирилл Савицкий есепті 2:0-ге жеткізді. Алайда, ұлыбританиялықтар көп ұзамай 1 шайба соғып, есеп айырмасын қысқарта алды. Сергиенко мен Савицкий бірінің артынан бірі гол соғып 4:1 есебімен қарсыластарын біраз артқа тастады - деп хабарлады  baq.kz

Үшінші кезеңде ойынның аяқталуына 30 секунд қалғанда құрамамыздың ойыншылары Аркадий Шестаков пен Нұрлан Қабиев бір шайбадан салып, Ұлыбритания құрамасының жеңіске деген үмітін біржола үзді. Бұл – қазақстандықтардың жастар біріншілігіндегі екінші жеңісі. Келесі ойынды спортшыларымыз 13 желтоқсанда Италия хоккейшілеріне қарсы өткізеді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!