Астанаға грек-рим күресінің шеберлері жиналды

Фотография - Астанаға грек-рим күресінің шеберлері жиналды

 Желтоқсанның 11-12 күндері Астанадағы "Дәулет" спорт сарайында грек-рим күресінен "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы" IV халықаралық турнирі өтеді

197 0

 Желтоқсанның 11-12 күндері Астанадағы "Дәулет" спорт сарайында грек-рим күресінен "Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы" IV халықаралық турнирі өтеді. Осыған орай ұйымдастырушылар алқасы баспасөз-мәслихатын өткізді.

Оның жұмысына ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатов, Грек-рим, еркін күрес және әйелдер күресі федерациясының президенті Серік Сұлтанғали, Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Таңат Сағындыков қатысты.

Баспасөз-мәслихатында алғашқы сөз кезегін алған С. Сұлтанғали қазақ халқы үшін күрестің орны айрықша екеніне тоқталып, қазақ спорты тарихында есімдері алтын әріптермен жазылған балуандардың ізбасарлары ағаларының жеңісті жолдарын жалғастырып келе жатқанын тілге тиек етті. Жыл өткен сайын грек-рим күресінен "ҚР Президентінің Кубогы" турнирінің мәртебесі Әлем және Азия чемпионаттарының деңгейіне жетіп қалғанын, қазақстандық балуандар бұл байрақты бәсекеде жоғары нәтижеге қол жеткізетініне сенім білдіріп, елімізде күрес түрлерінің қарқынды дамуына Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегі зор екенін атап өтті - деп хабарлады  baq.kz


Ал Е. Қанағатов осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған доданың маңыздылығына тоқталып, балуандарымыздың әлі де ширай түсу керектігін, Олимпиада ойындары мен Әлем чемпионатында биік белестерді бағындыру басты мақсатымыз екенін шегелеп айтты.

«2014 жылы грек-рим күресінен Азия чемпионаты өтеді. Біздің жігіттер бабында болулары тиіс. "ҚР Президентінің Кубогы" өте беделді турнир. Былтыр біздің спортшылар алтын медальға қол жеткізе алмады. Осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек»,- деді» ол.

Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері Таңат Сағындыков бұл жарыста балуандарымыздың қанша медальға қол жеткізетінін ашып айтпады.

Естеріңізге сала кетейік, дүбірлі додаға Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Египет, Нигерия, Тәжікстан, Украйна, Белорусь, Венгрия, Қырғыстан елдерінің балуандары бақ сынайды.

Турнирдің бас демеушісі «ҚазТрансГаз» компаниясы мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Жеті салмақ дәрежесіндегі әрбір жеңімпазға 5000 АҚШ долларынан беріледі. Екінші орын алғандарға 3000 АҚШ долларынан, ал үшінші орынға ие болғандарға 1500 АҚШ доллары табыс етілмек.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!