Бірінші лиганың үздік футболшысы анықталды

Фотография - Бірінші лиганың үздік футболшысы анықталды

Бірінші лиганың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізген Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылғы Бірінші лиганың барлық лауреттарын жариялады

402 0

Бірінші лиганың бас бапкерлері арасында сауалнама жүргізген Қазақстан Кәсіпқой футбол лигасы 2013 жылғы Бірінші лиганың барлық лауреттарын жариялады.

            Үздіктер тоғыз номинация бойынша анықталды. Бір қызығы, бәрі де «Қайсар» футболшылары. Ол түсінікті де. Биыл Қызылорданың командасы Бірінші лигада қарсылас шақ келтірмей, Премьер-лигаға бірінші орынмен жолдама алған.

Ал команданың шабуылшысы Жасұлан Молдақараев бірден үш аталымды жеңіп алды. Биылғы біріншілікте 28 голмен көзге түсіп, сұрмергендер додасындағы басты бәсекелесі «қызылжарлық» Александр Згурадан 12 гол артық соққан Жасұлан үздік сұрмергеннен бөлек, біріншіліктің үздік шбауылшысы және үздік ойыншысы атанды. 

 

Үздік қақпашы: Кирилл Прядкин (Қайсар Қызылорда)

Үздік қорғаушы: Серік Сағындықов ("Қайсар" Қызылорда)

Үздік жартылай қорғаушы: Борут Семлер ("Қайсар" Қызылорда)   

Үздік шабуылшы: Жасұлан Молдақараев ("Қайсар" Қызылорда)

Үздік легионер: Борут Семлер  ("Қайсар" Қызылорда)                                         

Үздік жас футболшы (1994 жылға дейінгілер): Магамед Узденов ("Қайсар" Қызылорда)

Үздік бапкер: Сергей Волгин  ("Қайсар" Қызылорда)       

Үздік сұрмерген: Жасұлан Молдақараев (  

Үздік футболшысы: Жасұлан Молдақараев ("Қайсар" Қызылорда)


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!