Сочи Олимпиадасында алтын алған спортшыға 250 мың доллар беріледі

Фотография - Сочи Олимпиадасында алтын алған спортшыға 250 мың доллар беріледі

 Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

126 0

Сочи Олимпиадасында алтын медаль алған спортшыға 250 мың доллар беріледі. Бұл жөнінде бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Қазақстан Республикасы Дене шынықтыру және спорт істері агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев мәлім етті.

«Қаржылық ынталандыруға келетін болсақ, Үкімет қаулысы бар, бірінші орынға 250 мың доллар, екінші орынға 150 мың доллар, үшінші орынға 75 мың доллар бекітіліп отыр», - деді агенттік төрағасы.

XXII қысқы Олимпиада ойындары 2014 жылы 7-23 ақпан аралығында Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Қазақстан құрамасы олимпиадалық бағдарламаның 15 спорт түрінің 11-і бойынша кемінде 40 лицензия жеңіп алу мақсатын қойып отыр.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!