Қанат Ислам Олимпиадаға барып қалуы ықтимал

Фотография - Қанат Ислам Олимпиадаға барып қалуы ықтимал

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам олимпиада шаршы алаңында бокстасуы мүмкін.

183 0

Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері, кәсіпқой боксшы Қанат Ислам олимпиада шаршы алаңында бокстасуы мүмкін.

«Біз жақында ғана онымен бірге сөйлестік. Ол кәсіпқой бокста бағын сынап жүр. Бірақ өзінің жарқын жеңістеріне қарамастан, әлі көп таныла қоймаған. Мен оған «Астана» президенттік кәсіби спорт клубымен әріптестік орнатуға, Astana Arlans қатарына қайта қосылуға шақырдым. Болашақта Қ.Ислам кәсіпқойлар мен әуесқойлардың аралас APB жобасына келуі ықтимал. Сол арқылы ол Олимпиада жолдамасын алуы бек мүмкін. Егер келісімін берсе, біз онымен дереу келісімшартқа қол қоямыз. Оған бірінші дивизионның боксшысына лайық жалақы мен әлеуметтік пакеттер тағайындаймыз», - деді «Астана» президентік клубының басшысы Бақтияр Артаев.

«Мен үшін Қанат - өте жақын адам. Біз бұрын оның Қытай құрамасы сапында жүргенде бірге бокстасқанбыз. Мен оны сыйлаймын. Қазақстан жанкүйерлері оның қандай жетістікке жеткенін, шаршы алаңда қалай өзін көрсетіп жүргенін көріп, бақылап отыр. Ол өзіне өте үлкен мақсаттар қойды. Мен оған оның орындалуына көмектескім келеді. Оның басты көздегені - Олимпиада ойындары, 2016 жылғы Бразилияның алтыны. Әрине, Қазақстан құрамасында жақында Әлем чемпионы атанған Жәнібек Әлімханұлы бар. Осындай боксшылардың арасындағы бәсекелестік Қазақстан құрамасы үшін пайдалы», - деп атап өтті Б.Артаев.

Айта кетейік, Қанат Ислам әуесқой бокстан 2012 жылы қыркүйекте кеткен болатын. Содан бері Қанат 15 кездесу өткізіп, оның барлығында жеңіске жетті, 13 жекпе-жек нокаутпен аяқталған. Соңғы кездесуде Қ.Ислам колумбиялық боксшы Эмилио Хулио Хулиоға ешбір мүмкіндік бермей, 3-раундта қарсыласын рингке сұлатып тастады. Келесіде қазақстандық боксшы шаршы алаңға 14 желтоқсанда шығады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!