Ержан Естанов пен Расул Мирзаев қайта кездеседі

Фотография - Ержан Естанов пен Расул Мирзаев қайта кездеседі

19 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Ұлы майдан» деп аталатын аса ірі халықаралық жарыс өтеді.

218 0

19 желтоқсанда Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Ұлы майдан» деп аталатын аса ірі халықаралық жарыс өтеді.

Биылғы жылдың көктемінде атал­мыш жарыстың тұсауы кесілген болатын. Басты жекпе-жекте атышулы Ресей спортшы­сы Расул Мирзаев пен қан­дасымыз Ержан Естанов шеберлік байқасты. Өкінішке қарай, бұл бәсеке ұпай саны­мен Мирзаевтің пайдасына шешілді. Осы жеңістің ар­қасында Расул өзіне тиесілі әлем чемпио­ны атағын сақтап қалды.

Кейіннен екі жақ өзара келіссөздер жүр­гізді. Соның нә­тижесінде Расул мен Ержан қайта күш сынасатын болды. Бұл жолы Естанов ел сенімін ақ­тайды деп үміттенеміз. Өйткені Алматыда өтетін бұл жарыс Қазақстан Респуб­ликасының Тәуелсіздік күніне орайлас­тырылып отыр. Ал осындай мереке кезін­де қазақ жігіті­нің жеңілуге еш хақы жоқ.

«Ұлы майдан» жарысы барысында қазақтың қос мақтанышы - Қайрат Ахметов пен Аслан Тоқтарбаев чем­пиондық тәж үшін айқасады. Әр жеңісінен кейін «Қара жорға» билейтін Қайрат айқас алаңында бірде-бір рет жеңіліп көрген емес. Оның бүркеншік есімі - «Қазақ».

Ал Аслан бауырымыз «Арыстан» деген лақап атпен танылды. Екеуінің де қарсыласы өте қауіпті.

Бұл кеште Ахметов Күншығыс елінен келген Татсуей Ватанабемен айқасады. Осы күнге дейін Ватанабе 21 кездесу өткізіп, 14 рет жеңіске жетті. Төрт рет ұтылып, тағы үш бәсекені тең аяқтады. Тоқтарбаев амери­калық Кевин Круммен күш сынасады. АҚШ спортшысы 16 кездесуде 12 рет жеңіс тойын тойлады.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!