«Шахтер» Еуропа лигасындағы ойынын аяқтады

Фотография - «Шахтер» Еуропа лигасындағы ойынын аяқтады

Футболдан Қазақстан чемпионы «Шахтер» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңінде соңғы матчын 12 желтоқсанда Израильде «Маккаби Хайфа» командасымен өткізіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды

160 0

Футболдан Қазақстан чемпионы «Шахтер» командасы Еуропа лигасының топтық кезеңінде соңғы матчын 12 желтоқсанда Израильде «Маккаби Хайфа» командасымен өткізіп, 1:2 есебімен ұтылып қалды.

Матчтың 44 минутында «Шахтер» ойыншысы Рохер Каньяс пенальтиден гол соғып, есепті бастады. Ал 76 минутта израильдік футболшы Шаваль Гозлан есепті теңестіріп, 84 минутта Шимон Абухазира «Шахтер» қақпасына екінші голды салды.

"Шахтер" осымен Еуропа лигасының топтық кезеңінде барлығы алты ойын өткізіп, тек екі матчта тең ойнады. Қалған төрт кездесуде жеңілді. Қорытындысында голландиялық «Аз Алкмаар», грекиялық «ПАОК» және израильдік «Маккаби Хайфа» командаларынан кейін топта соңғы - төртінші орын алды.

«Шахтер» - УЕФА ұйымдастыратын клубтық футбол турнирлерінің топтық кезеңіне шыққан қазақстандық алғашқы команда.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!