Келді де кетті

Фотография - Келді де кетті

Елордамыздың «Астана» футбол клубы бас бапкері Вадим Абрамовты қызметінен босатты. Тізгінді ұстағанына екі-ақ апта болған өзбекстандық маман командамен әлі толық танысып үлгерген де жоқ

166 0

Елордамыздың «Астана» футбол клубы бас бапкері Вадим Абрамовты қызметінен босатты. Тізгінді ұстағанына екі-ақ апта болған өзбекстандық маман командамен әлі толық танысып үлгерген де жоқ.

            Өзбекстан ұлттық құрамасының экс-бас бапкері «Астана» футбол клубының бас жаттықтырушысы болып үстіміздегі жылдың 28 қарашасында тағайындалды. 10 желтоқсанда «Астана» Абрамовтың жетекшілігімен алғашқы оқу-жаттығу жиынын бастады. Алайда, желтоқсанның 13-і күні өзбекстандық маманның қызметінен босатылғаны туралы белгілі болды. Бір қызығы, Абрамов таңертең командамен жаттығу өткізген. Айналдырған төрт-бес сағаттың ішінде «Астанадағы» тағдыры шешіліп қойды.

            Өзбекстандық маманның «отставкаға» кеткеніне «Астана» президенті Есмұхамед Спановтың қызметінен босатылуы себеп болған екен. Абрамовпен келісімшартқа Спанов қол қойған. Бірақ клубтың жаңа басшылығы Вадим Карленовичтің қызметінен бас тартыпты. Енді «Астана» командасының бас бапкері міндетін атқарушы болып Григорий Бабаян тағайындалды.

—      Иә, мен шынымен де «Астанадан» кеттім. Клуб басшылығы өзгерді. Жаңа басшылық басқа бапкерді шақырғысы келеді екен. Сол үшін қазақстандық командамен қоштасуға мәжбүр болдым, - деп сұхбат берді Вадим Абрамов.

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!