«Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

Фотография - «Astana Arlans» WSB жаңа маусымында алғаш рет жеңілістің ащы дәмін татты

«Astana Arlans» боксшылар клубы Дүниежүзілік бокс сериясында Кубаның «Cuba Domadores» командасынан - 2:3 есебімен жеңіліп қалды

311 0

«Astana Arlans» боксшылар клубы Дүниежүзілік бокс сериясында Кубаның «Cuba Domadores» командасынан - 2:3 есебімен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

Мирас Жақыпов 52 келі салмақ дәрежесінде Херардо Сервантестен басым түсті - 3:0 (48:47, 48:47, 48:47), Жандос Момынов (60 келі) Хорхе Ласаро Альвареске жол беріп, 0:3 (46:49, 46:50, 45:50) есебімен жеңілді, Бақытжан Қожабеков (69 келі) Ариснойдис Диспейннен техникалық нокаутпен жеңілді, Хрвое Сеп (81 келі) Хулио Сезар Ла Крустан айласын асыра алмады, есеп - 0:3 (46:48, 46:48, 47:49), ал Филип Хргович (+91 келі) үшінші раундта Хосе Анхель Лардуетті техникалық нокаутпен жеңді.

10 қаңтарда «Astana Arlans» Польшада «Hussars Poland» командасымен кездеседі.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!