Манчестерде жолы болмады

Фотография - Манчестерде жолы болмады

Бұл күндері Англияның Манчестер қаласында таэквондодан әлемдік «Гран-При» турнирі өтуде. Әлемнің үздік таэквондошылары арасында 8 салмақ дәрежесі бойынша өтетін додаға Қазақстан атынан Гүлнәфис Айтмұхамбетова қатысқан болатын

267 0

Бұл күндері Англияның Манчестер қаласында таэквондодан әлемдік «Гран-При» турнирі өтуде. Әлемнің үздік таэквондошылары арасында 8 салмақ дәрежесі бойынша өтетін додаға Қазақстан атынан Гүлнәфис Айтмұхамбетова қатысқан болатын. 

Өкінішке қарай, алғашқы сайыс күнінде жерлесіміз жеңіліп  қалды. Бірінші кезеңде кореялық Хуери Охты 12:8 есебімен ұтқан Гүлнәфис екінші айналымда швециялық Элин Йоханссоннан 2:6 есебімен жеңіліс тапты.

«Гран-При» турнирінде әлемдегі ең үздік таэквондошылар бақ сынайды. Бұл сайыста жақсы нәтиже көрсеткен спортшының 2016 жылғы Рио Олимпиадасына жолдама алу мүмкіндігі мол. Қазақстан құрамасының өзге спортшылары желтоқсан соңында Парижде өтетін «Гран-При»  додасында бақ сынайды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!