Виталий Кличко әлем чемпионы титулынан бас тартты

Фотография - Виталий Кличко әлем чемпионы титулынан бас тартты

WBC нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулынан бас тартып, ендігі өмірін толығымен украиналық саясатқа арнамақ

164 0

WBC нұсқасы бойынша бокстан әлем чемпионы Виталий Кличко өзінің титулынан бас тартып, ендігі өмірін толығымен украиналық саясатқа арнамақ. Бұл туралы шетелдік БАҚ хабарлады.

Кличко оппозициялық «Удар» партиясының көшбасшысы және ол 2015 жылы Украинада өтетін президенттік сайлауға қатысуға ниетті.

Кәсіби додаларда Виталий Кличко 45 мәрте жеңіске жетіп, екі тартыста жеңіліс тапты.

Дүниежүзілік бокс кеңесі боксшының шешіміне түсіністікпен қарап, Кличконың кез келген уақытта спортқа орала алатындығын, сондай-ақ чемпиондық белдіктің иегері атанған кез келген боксшымен тартысқа түсе алатындығын мәлім етті.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!