«Конденсат-Жайықмұнай» ел чемпионатында жеңіліссіз келеді

Фотография - «Конденсат-Жайықмұнай» ел чемпионатында жеңіліссіз келеді

Хромтауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты бірінші турының ойындары мәреге жетті

220 0

Хромтауда волейболдан ерлердің ұлттық лига командалары арасында ҚР ХХІІ чемпионаты бірінші турының ойындары мәреге жетті.

«Жайық» волейбол клубының директоры Шоқан Кеңесовтің хабарлағанындай, Оралдың «Конденсат-Жайықмұнай» командасы соңғы екі ойынында да жеңіске жетті. Өскеменнің «ШығысҚорғасынҚұрылысын» 3:2 есебімен тізе бүктірсе, «Таразды» 3:1 есебімен ұтты. Сөйтіп биылғы біріншілікте қарсыластарының бәрін тізе бүктіріп, әзірге жеңіліссіз келе жатқан батысқазақстандықтар 18 ұпаймен көш бастады. Өскемендіктер екінші, хромтаулықтар үшінші орында келеді.

Енді «Конденсат-Жайықмұнай» 7-11 қаңтар күндері Петропавлда «Есіл», «Атырау», «ТНК Казхром» командаларымен күш сынасады. Оралдағы беташар ойындарда Игорь Никольченконың шәкірттері бұл үш клубты да жеңген болатын.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!