Спорт агенттігі бөлінген қаржыны дұрыс игере алмай отыр

Фотография - Спорт агенттігі бөлінген қаржыны дұрыс игере алмай отыр

ҚР Есеп комитеті ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігіне бөлінген республикалық бюджет қаржысын пайдалануына тиімділігіне бақылау жүргізді

210 0

ҚР Есеп комитеті ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігіне бөлінген республикалық бюджет қаржысын пайдалануына тиімділігіне бақылау жүргізді. Бұл туралы ҚР Есеп комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Бақылау жүргізу кезінде белгілі болғанындай, агенттік ұлт саулығын жақсарту бойынша өзінің негізгі стратегиялық міндеттерін орындамай отырғаны белгілі болды - деп хабарлады  baq.kz

Бұқаралық спортты дамыту жөніндегі ең төменгі әлеуметтік стандарттар, спорттық шараларды өткізу, халықты спорт инфрақұрылымдарымен қамтамасыз ету және спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсету нормативтері әзірленбегендігі анықталды.

Агенттік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, бұқаралық спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізбеген. Республика бойынша 477 балалар-жасөспірімдер клубтары жұмыс істейді, онда 64 мың адам спортпен айналысады. 139 жоғары оқу орнының тек 56-сында спорт клубтары бар, ал 83-інде спорт секциялары жұмыс істейді. Ауылдық жерлерде халықтың 20%-ы ғана спортпен шұғылданады.

Жалпы республика бойынша спорттық базалар жетпейді, қолда барлары материалдық-техникалық тұрғыдан дұрыс жабдықталмаған. Спорт ғимараттарының жағдайы өте нашар. Салынған нысандарды пайдалануға беру мерзімдерінің бұзылғаны, инвестициялық жобалардың сметалық құны артығымен көрсетілгені белгілі болды. Спорт саласындағы жоғары білікті мамандар тапшылығы мәселесі шешілмей отыр.

Спорт және дене шынықтыру агенттігіне, Астана мен Алматы облыстарының және қалаларының әкімдеріне анықталған олқылықтарды түзетуге, бюджеттік және басқа да заңнамалардың талаптарын бұзған лауазымды тұлғалардың жауапкершілігін қарауға тапсырма берілді.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!