Қазақстандық хокейшілер жартылай финалда АҚШ құрамасымен кездеседі

Фотография - Қазақстандық хокейшілер жартылай финалда АҚШ құрамасымен кездеседі

Италияның Торентино қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстанның студенттік құрамасы жартылай финалға шықты

250 0

Италияның Торентино қаласында өтіп жатқан Қысқы универсиадада Қазақстанның студенттік құрамасы жартылай финалға шықты.

Бүгін олардың қарсыластары анықталды. Италияны 5:0 есебімен жеңген АҚШ құрамасы қазақстандық хоккейшілермен кездесетін болды - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Айта кетейік, топтық кезеңде хоккейшілеріміз Украина, Жапония мен Канада құрамаларын жеңіп, ширек финалда Латвияны 6:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Бұл ойында Александр Шин, Никита Ковзалов, Александр Зубков, Константин Савенков, Леонид Метальников сынды «Қазцинк-Торпедоның» ойыншылары шайба соғып, көзге түсті. Ал Евгений Рымарев матчтың үздік хоккейшісі атанды. Ол бір шайбамен бірге үш нәтижелі пас бере білді.

Енді, жартылай финалда Қазақстанның студенттік құрамасы АҚШ хоккейшілерімен кездеседі.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!