«Ақтөбе» футболшысы «Қайсарға» ауыспақ

Фотография - «Ақтөбе» футболшысы «Қайсарға» ауыспақ

Премьер-лигаға қайта оралған «Қай­сар» Сергей Волгинді қызметінен босатты. Дегенмен бас бапкерліктің тізгінін шетел­дікке емес, жергілікті маман Дмитрий Огайға ұстатты

149 0

Премьер-лигаға қайта оралған «Қай­сар» Сергей Волгинді қызметінен босатты. Дегенмен бас бапкерліктің тізгінін шетел­дікке емес, жергілікті маман Дмитрий Огайға ұстатты.


«Ертіс» пен «Тобылдағы» жұмысы арқылы көпшілікке кеңінен таны­мал болған Дмитрий Алексеевич соңғы кезде Ресейде жұмыс істеген. Оның көмекші­лері ретінде кезінде бірнеше жыл бірге жұмыс істеген Асқар Қожабергенов пен Сергей Кулинич тағайындалды.

«Қай­сар» оқу-жаттығу жиындарын 10 желтоқ­санда бастап кетті. Дмитрий Огай бірінші жиынға төрт бірдей армениялық футбол­шыны шақырған.  Олар – Эдгар Малакян (1990 жылғы, «Бананц»), Андраник Восканян (1990 жылғы, қорғаушы, «Мика»), Артур Юс­па­шян (1989 жылғы, қорғанысқа тірек болар шептің ойын­шысы, «Пюник») және Алма­ты­ның «Қайратындағы» Артур Едигарянның інісі Артак Едигарян (1990 жылғы, қор­ғаушы, «Пюник»).

Соны­мен қатар Арменияның «Ширака» командасында өнер көрсететін ивуарлық Дидье Борис та Түркияға «Қайсармен» бірге барды. Немістің Transfermarkt.de сайты бұл футболшының құнын  375 000  еуроға ба­ға­лапты. Дегенмен, көп өтпей, Борис "Қайсардан" қайта кеткені белгілі болды.

Эстония жастар құрамасының мүшесі Артем Артюнин де Огай бапкердің көзіне түскен екен. Алаңдағы орны орталық қорғаушы болып табылатын ойыншының бойы – 190 см. Олардан бө­лек, «Ақжайықтың» шабуылшысы Алексей Мальцев, «Қайраттың» қосалқы құрамында ойна­ған жас ойыншы­лар Георгий Макаев пен Могомед Узденов, былтырғы жылы «Тобыл» сапында «лимитчик» ретінде өнер көрсеткен Ерқасым Ешенқұл да «Қайсардың» сапында сынақтан өтпек.

Былтырғы жылы «Ақтөбе» сапында доп тепкен чехиялық Лукаш Байер де «Қайсармен» бірге оқу-жаттығу жиынына аттанды. Байер 2012 жылы «Ақтөбеде» 24 ойын өткізіп, бес гол соққан. Чехиялық легионер биыл  Молдаваның «Милсами» клубының намысын қорғаған. Ал бұрын Чехияның  «Атлетик Слован», «Зноймо», «Ханака Славия», «Доста», «Сигма» командаларында ойнаған.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!