«Астана» командасы әйгілі «Дакар» раллиіне қатысады

Фотография - «Астана» командасы әйгілі «Дакар» раллиіне қатысады

«Astana Dakar Team» атауын «Astana Motorsports» деп өзгерткен қазақстандық автошабандоздар планетаның ең әйгілі жарысы «Дакар» раллиіне қатысатынын ресми түрде растады

205 0

«Astana Dakar Team» атауын «Astana Motorsports» деп өзгерткен қазақстандық автошабандоздар планетаның ең әйгілі жарысы «Дакар» раллиіне қатысатынын ресми түрде растады. Аргентина, Боливия және Чили елдерінің аумағында өтетін 9 мың шақырымдық бұл дүбірлі дода 5 қаңтарда Росария (Аргентина) бағытында басталып, 18 қаңтар күні Вальпараисода (Чили) аяқталады.

Ұйымдастырушылардың мәлімдемесіне қарағанда «Дакар-2014» өткен жарыстардан басты айырмашылығы қатысушылар марафонның бес кезеңінде бөлінетін болады. Мәселен, Боливияға тек мотоциклшілер мен квадроциклшілер ғана барады. Бұл техникалық жағынан анағұрлым күрделі трасса жасауға мүмкіндік беріп, мотоциклшілердің жеңіл және жүк машиналарымен соқтығысуын болдырмауға көмектеседі.

Онда ел намысын «Astana Motorsports» командасының төрт экипажы қатыспақ. Оның үшеуі жеңіл, біреуі жүк машинасы. Олар Proto Overdrive автокөлігінде 356 старттық нөміріне ие болған пилот Айдын Рахымбаев пен штурман Владимир Демьяненко және осыған ұқсас автокөлікте 368 старттық нөмірімен пилот Бауыржан Исабаев және штурман Ғабдолла Әшімов. Сондай-ақ Nissan автокөлігінде 413 нөмірімен пилот Денис Березовский және штурман Игнат Фальков барады. Ал жүк машиналарының санатында «Дакар 2012» қола жүлдегері пилот Артур Ардавичус, штурман Алексей Никижев және механик Радим Капланек бақ сынайды. Бұл экипаж 542 нөмірімен жаңа Таtra жүк машинасымен барады.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!