В.Кумыков: «Біз қазақстандық футболды құрметтеуге мәжбүр еттік»

Фотография - В.Кумыков: «Біз қазақстандық футболды құрметтеуге мәжбүр еттік»

Бұл туралы қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков айтты.

127 0

«Шахтер» топқа суырылып шығып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы арқылы біз тек өзімізді ғана емес, қазақстандық футболды да құрметтеуге мәжбүр еттік. Бұл туралы қарағандылық «Шахтер» командасының бас жаттықтырушысы Виктор Кумыков айтты.

«Үш турнирдің ішінде «Шахтер екі турнирде жеңіске жетті. Тек бір ғана нәрсе, біз чемпионатта жүлдегер атанбадық. Еурокубокта біздің бар күш-жігерімізді салғанымызды бәрі де жақсы біледі. Бұдан бұрын біз екі рет чемпион атанған едік, және еуропалық футболды байқап көргіміз келді. Біз жай ғана ойнап қоймай, екі еуропалық турнирдің кез келгеніне топтық кезеңге өтуді басты мақсат еттік. Және де бұған қол жеткіздік. Алғаш рет «Шахтер» командасы Еуропа Лигасының тобына қатысты», -деп атап өтті Кумыков.

«Шахтер» топқа суырылып шығып, үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Осы арқылы біз тек өзімізді ғана емес, қазақстандық футболды да құрметтеуге мәжбүр еттік. «Шахтердің» жеткен жетістіктері маусымның айтулы оқиғасы болды, оны жанкүйерлер мен мамандар да мойындады. Біз чемпион атануға күреспедік, алайда Еуропада көптеген кездесулер өткіздік. Бұл бір жағынан тәжірибе болса, екінші жағынан еліміздің беделінің көтерілуі», - деді жаттықтырушы.

 

bnews.kz сайтынан


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!