Генамен кездесуге ниеттілер көп

Фотография - Генамен кездесуге ниеттілер көп

Кеше «Крылатское» спорт кешенінде өткен кәсіпқой бокс кешінде ресейлік Дмитрий Чудинов колумбиялық Хуан Новоаны техникалық нокаутпен жеңді. 6-ы раундта қарсыласын айқын басымдықпен жеңген соң, Чудинов WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион атанды

160 0

Кеше «Крылатское» спорт кешенінде өткен кәсіпқой бокс кешінде ресейлік Дмитрий Чудинов колумбиялық Хуан Новоаны техникалық нокаутпен жеңді. 6-ы раундта қарсыласын айқын басымдықпен жеңген соң, Чудинов WBA тұжырымы бойынша уақытша чемпион атанды.

Жекпе-жек аяқталған соң, баспасөз мәслихатын өткізген жеңімпаз боксшылар тобы жерлесіміз Геннадий Головкинді де айналып өткен жоқ. Өйткені, біздің даңқты боксшымыз да осы тұжырымда жұдырықтасады. Кездесу алдында өткен баспасөз жиынында Чудинов Головкинмен кездесуге дайынмын деген еді. Алайда, боксшының промоутері Владимир Хрюнов Чудиновтің сөзін жоққа шығарды. Бұл туралы "Риа Новости" хабарлайды.

«Біздің әлі жетілдіретін тұсымыз көп. Әлі біраз жұмыс істеу керектігін жасырмаймын. Бірақ, Головкинмен кездесу туралы айтпас едім. Дмитрий Чудинов пен қазақстандық суперчемпион Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек туралы айтудың қажеті жоқ. Бізге басқа да қарсыластар бар, мәселен, Рикардо Майорга, Джефф Лейси, Джермейн Тейлор» деп, Чудиновтің сөзін промоутері жоққа шығарды.

Әрине, Головкинмен кездесуді қалайтындар көп қазір. Жақында кәсіби бокстағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған украиналық Евгений Хитров та қазақ елінің даңқты ұлымен қолғап түйістіруге асығатынын айтқан еді...


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!