Германия құрамасының бұрынғы футболшысы енді «Атырауда» ойнайды

Фотография - Германия құрамасының бұрынғы футболшысы енді «Атырауда» ойнайды

Неміс жартылай қорғаушысы Савио Нсереко «Атырау» футбол клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

129 0

Неміс жартылай қорғаушысы Савио Нсереко «Атырау» футбол клубымен екі жылдық келісімшартқа қол қойды.

"Атырау" клубының кезекті жаңа ойыншысы 24 жастағы неміс футболшысы Савио Нсереко командаға шеткі жартылай қорғаушы болып қабылданды.

Өзінің спорттық жолын «Мюнхен-1860» неміс футбол клубында бастаған. Ал 16 жасында Италияның «Брешия» футбол клубының назарына ілігіп, «В сериясында» сынға түскен.

Италия клубы үшін ойнап жүрген кезінде Германияның жасөспірімдер құрамасындағы жаттықтырушылардың көзіне түсіп, 2008 жылы неміс құрама командасының сапында Еуропа чемпионы атанды.

Көп ұзамай ол Италияның «Фиорентина» комадасына ауысты. Ізінше «Болонья» (Италия), «Мюнхен-1860, «Черноморец» (Болгария), «Юве Стабия» (Италия), «Васлуй» (Румыния) командалары сапында ойнады.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!