Геннадий Головкин 2013 жылдың үздік боксшысы атанды

Фотография - Геннадий Головкин 2013 жылдың үздік боксшысы атанды

WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «2013 жылдың үздік боксшысы» атанды

222 0

WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлемнің суперчемпионы қазақстандық Геннадий Головкин «2013 жылдың үздік боксшысы» атанды. Бұл туралы Boxing 101 порталы хабарлады.

Головкиннен бөлек, бұл атаққа таласқандар арасында кіші Флойд Мэйвезер, Мигель Гарсия, Дэнни Гарсия, Тимоти Брэдли, Сергей Ковалев , Адонис Стивенсон және Гильермо Ригондо бар. Алайда, авторлардың айтуынша, қазақстандық боксшының қарсыластары әйгілі әрі мықты спортшылар болғанына қарамай, жерлесіміз барлық кездесуінде айқын басымдықпен жеңген.

Естеріңізде болса, Головкин 2013 жылы 4 кездесу өткізіп, бәрінде нокаутпен жеңді. Жыл басында, Габриэль Росадоны бет-ауыз қан жоса етіп сабап, техникалық нокаутпен ұтты. Одан кейін жапониялық Нобухиро Ишида мен британиялық Мэттью Маклин қарқыны күшті боксшымызға қарсы 3 раундтан артық төтеп бере алмады. Ал қараша айының басында өткен соңғы кездесуінде АҚШ боксшысы Кертис Стивенс 8 раундтан кейін жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты. Сөйтіп, отандасымыз бүгінге дейін 28 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жетті, оның 25-ін мерзімінен бұрын нокаутпен аяқтаған.

Boxing 101 порталының хабарлауынша, Головкин онша-мұнша боксшыда жоқ соққыға ие. Аяғын аңдып басып, әрбір соққысын межеге дөп тигізетін дарыны Генаны одан сайын қауіпті ете түседі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Головкин 2013 жылдың суперчемпионы атағын жеңіп алған еді. Ал енді Америка журналистері қауымдастығы жерлесімізді «2013 жылдың үздік боксшысы» атағына лайық боксшылардың тізіміне қосып отыр.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!