Әлемдегі ең қымбат клуб- "Барселона"

Фотография - Әлемдегі ең қымбат клуб- "Барселона"

бойынша әлемдегі ең қымбат футбол клубы атанды. «Барселона» ойыншыларының құны 600 млн. еуродан асып кетті

226 0

Испанияның «Барселонасы» жыл қорытындысы бойынша әлемдегі ең қымбат футбол клубы атанды. «Барселона» ойыншыларының құны 600 млн. еуродан асып кетті.

Өздеріне жұмсалған ақшаны ойыншылар толығымен өтеп жатыр: Испания чемпионатында клуб бірінші орынды Мадридтің «Атлетико» командасымен бөлісті. 17 ойынның 15-ін жеңіспен аяқтаған «Барселонаның» жинаған ұпайы - 46. Чемпиондар лигасында каталондықтар плей-оффқа шықты.

Рейтингтің екінші орнында «Барселонаның» басты қарсыласы - «Реал» тұр. Осы команда футболшылары үшін 575,3 миллион еуро жұмсалған. Үшінші орын немістердің «Бавариясына» бұйырды, олар өткен кезеңде Чемпиондар лигасын ұтқан болатын, олардың шығыны 493,2 миллион еуроны құрады. Төртінші және бесінші орындар сәйкесінше, «Манчестер Юнайтедке» (479,2 млн) және ағылшын премьер-лигасының тағы бір қатысушысы Роман Абрамовичтің «Челсиіне» (451,2 млн) бұйырды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!