Жылдың үздік спортшылары - Криштиану Роналду, Роджер Федерер, Геннадий Головкин

Фотография - Жылдың үздік спортшылары -  Криштиану Роналду, Роджер Федерер, Геннадий Головкин

Американың танымал Grantland сайты жылдың ең үздік спортшыларын атады.

512 0

Американың танымал Grantland сайты жылдың ең үздік спортшыларын атады.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин бұл тізімде Роджер Федерер, Криштиану Роналду, Александр Овечкин сынды атақты спортшылармен бір қатарда тұр.

Қарағандылық бокс мектебінің түлегі жайында Grantland сайтының шолушысы Раф Бартоломью былай жазыпты:

«Мойындау қиын, бірақ Головкин туралы жазуға сөзім таусылды. Орташа салмақтағы чемпионат жөнінде 15 айдың ішінде 4 рет жазыппын және Головкиннің өршілдігін, жойқын-жойқын соққылары мен қарсыласының шегінерге жолын жауып тастайтын аяусыз аяқ қимылын суреттейтін эпитеттерді табу қиын болып барады. Қарсыласын төпелеп тастағаннан кейін, оларды «жақсы жігіт» деп атауы туралы мен бұрындары қалжыңдаған болатынмын. Сонымен қатар оның құдды бір кілем дүкеніне иелік ететін династияның мұрагері сияқты рингке алтынмен кестеленген кілемді алып шығуы туралы да айтқанмын. Оны жыл атлеті ететіні де осы. Ол 2013 жылы 4 кездесуде 4 нокаут жасағанымен, ол жыл боксшысы емес. Өзге боксшылар бұдан да үлкен рингтерде, одан күшті қарсыластарды құлатып жатты. Бірақ Головкин менің назарымды бір жылға ұрлап алған атлет болды. Мен оның жекпе-жектерін көру үшін әдейі өз күнтізбемді тазарттым. Мені бір бума мақала жазуға итермелеген боксшының болашақтағы жекпе-жетерін көруге асықпын. Осындай атлетті табу - мен үшін қызық. Оның кездесулері әсерлі, тартымды болғаны соншалық, Головкин жөнінде жаза бергің келеді, айта бергің келеді».


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!