ФИФА 2014 жылғы халықаралық арбитрлардың тізімін бекітті

Фотография - ФИФА 2014 жылғы халықаралық арбитрлардың тізімін бекітті

Қазақстан футбол федерациясының сайты ФИФА 2014 жылғы халықаралық арбитрлардың тізімін бекіткенін жариялады

196 0

Қазақстан футбол федерациясының сайты ФИФА 2014 жылғы халықаралық арбитрлардың тізімін бекіткенін жариялады.

Оған төрешілерден алматылық Александр Алиев, қостайнайлық Анатолий Вишниченко, қызылжарлық Александр Гаузер, қарағандылық Артём Кучин еніп отыр. Төрешілердің ассистенттерінен алматылық Сергей Васютин пен Самат Тергеусізовке, астаналық Әлібек Әубәкіровке, тараздық Евгений Бельскийге, қызылордалық Серік Жаппасбаевқа, қостанайлық Санжар Ысқақовқа, павлодарлық Рустам Сүіновке, атыраулық Анатолий Ходинге сенім артылған - деп хабарлады  ҚазАқпарат

Әйелдер футболының тізіміне алматылық Юлия Медведева, теміртаулық Эльвира Нұрмұстафина, тараздық Ирина Гаврилова, төрешілердің ассистенттерінен қостанайлық Анастасия Акимова мен Елена Алистратова, алматылық Лилия Каримова, сарандық Кристина Янушкевич енген. Шағын футболда астаналық Олжас Абраев пен қостанайлық Талғат Қосмұхамбетовқа, ал жағажай футболындағы төрешілерден алматылық Олег Бурмистров пен Павел Валяевқа ФИФА сенім артқан.


Тегтер:

елорда

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!