Ауыр салмаққа Головкиннен қорыққандықтан ауысқалы жатқаным жоқ

Фотография - Ауыр салмаққа Головкиннен қорыққандықтан ауысқалы жатқаным жоқ

29 жастағы америкалық боксшы Андре Уорд орта салмақ дәрежесінде қарсыласы болмағанына қарамай, ауыр салмаққа ауысуға асығар емес

254 0

29 жастағы америкалық боксшы Андре Уорд орта салмақ дәрежесінде қарсыласы болмағанына қарамай, ауыр салмаққа ауысуға асығар емес.

«Екінші орта салмақта әлі 2 немесе 3 кездесу өткізуім керек. Бұл салмақта әлі еңсеруім тиіс үлкен белестер бар. Өз салмағымда қарсыласым жоқтығына қарамай, әзірге жартылай ауыр салмаққа өтпеймін, өткен күннің өзінде оған тыңғылықты дайындалуым керек. Шеберлік тұрғысынан емес, шымырлық тұрғысынан. Оған қоса, қазір жартылай ауыр салмаққа өтіп кетсем, адамдар мені Головкиннен қорқып қашты деп айтуы мүмкін. Ал екінші орта салмақта қалып қойсам, 79 келідегі боксшылардан қорықты деп айтады. Сондықтан, қандай шешім қабылдасаң да адамдарға жақпайсың. Алдағы карьерамды қалай жалғастыратынымды өзім шешемін», - дейді А.Уорд.

25 желтоқсан күні американың беделді ESPN спорт телеарнасы жасаған сараптамасы бойынша, Головкин мен Уордтың жекпе-жегі 2014 жылы әлем асыға күткен 12 кездесудің бірі болып отыр - деп хабарлады  baq.kz

Ал Американың Bleacher Report спорт сайты Жаңа жыл қарсаңында жариялаған «2014 жылы бокс әлемінде болатын өзгерістер» атты мақаласында 2014 жылы жолы болғалы тұрған әйгілі кәсіби боксшылардың аттарын атаған еді. Америкалықтар жерлесіміз Геннадий Головкиннің кездесулерінен тек жеңістер күтетінін жазған болатынбыз.

Жалпы, 2013 жыл Гена үшін өте сәтті жыл болды. Орта салмақтағы WBA чемпионы бір жылда 4 кездесу өткізіп, барлық қарсыласын нокаутпен жеңді. Әзірге Андре Уордтың көкейінде не жүргенін бір Алла біледі. Ауыр салмаққа ауыса ма, жоқ әлде Головкинді күте ме – бұл оның өз шаруасы. Тек, Генамен жекпе-жек өткізетіні нақтыланып жатса, Стивенс сияқты астамшылыққа беріліп, артынан масқара болып қалмаса екен дейміз.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!