Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды

Фотография - Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды.

220 0

Мадридтік «Реал» мен Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду «Globe Soccer» нұсқасы бойынша 2013 жылдың үздік футболшысы атанды.

Марапаттау рәсімі сенбі күні Дубайда өтті.

Бұл сыйлық әлем бойынша жанкүйерлердің дауыс беруі нәтижесінде беріледі. Роналду 58 пайыз дауыс жинады, екінші орын алған «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Месси 9 пайыз дауысқа ие болды. Испания құрамасы мен каталониялық «Барселонаның» жартылай қорғаушысы Андреас Иньеста мен лондондық «Арсеналдың» көшбасшысы Месут Озил 4 пайыздан жинады.

Естеріңізге сала кетейік, Роналду «Алтын допқа» үміткерлердің бірі болып табылады. Әлемнің үздік футболшысы 13 қаңтар күні анықталады. Бұған дейін португалдық World Soccer нұсқасы бойынша үздік деп танылды.

Криштиану Роналду Испания чемпионатының 16 матчында 18 доп соғып, 5 нәтижелі пас берген.


Тегтер:

футбол

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!