Головкин: «Осуманудың жекпе-жектерін көрген емеспін»

Фотография - Головкин: «Осуманудың жекпе-жектерін көрген емеспін»

WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 2014 жылдың ақпан айында өткізетін жекпе-жектегі қарсыласы Осуману Адама жайлы өз ойымен бөлісті.

209 0

WBA дәрежесі бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин 2014 жылдың ақпан айында өткізетін жекпе-жектегі қарсыласы Осуману Адама жайлы өз ойымен бөлісті.

Головкин Адаманың бірде-бір жекпе-жегін көрмегенін және оның қажет емес екендігін, бастысы физикалық тұрғыдан дайын болу қажет екендігін айтып отыр. Көпшілік сарапшылар ганалық боксшы Геннадидің кезекті құрбаны болады дейді. Алайда, Осуману кәсіби рингте өнер көрсеткен 12 жылдың ішінде бірде-бір рет нокаутпен жеңілмегенін ескерсек, бұл кездесу 12 раундқа созылуы мүмкін деген болжамдар да бар. Дей тұрғанмен, Головкин жақыннан бокстасатын болса, қандай мықты боксшы болмасын сұлатып салатын соққылары бар. Генаның жақтың астынан ұрған соққысынан бүгінге дейін құламаған спортшы жоқ шығар сірә.

Адама телеарналардың біріне берген сұхбатында «Менің жекпе-жектерімді бұрын-соңды көрген болсаңыздар, жылдамдығыммен қоса, күшім де қай қарсыласымды болмасын қаймықтыратынын сеземін. Бүгінге дейін ешбір боксшыдан жеңіліп көрмеген Головкиннің алғашқы адуынды қарсыласы мен боламын. Сондықтан әзірден бастап қайта-қайта жерге құлауды үйрене берсін» - деп, жекпе-жекке қаншалықты дайын екендігін алдын-ала мәлім етті.

Естеріңізде болса, Головкин мен Адаманың кездесуі 2014 жылдың 1 ақпанында Монте-Карлода өтеді. Бұл – жерлесіміздің кәсіби бокстағы 29-шы жекпе-жегі болғалы тұр және WBA дәрежесіндегі атағын оныншы рет, ал IBO дәрежесіндегі атағын жетінші рет қорғайды.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!