«Мұсылмандардың спорт лигасы» құрылды

Фотография - «Мұсылмандардың спорт лигасы» құрылды

АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Вобрун қаласында асыл дініміздің бейбітшілік пен бауырластық діні екенін паш ету үшін «Мұсылман спорт лигасы» құрылды.

258 0

АҚШ-тың Массачусетс штатындағы Вобрун қаласында асыл дініміздің бейбітшілік пен бауырластық діні екенін паш ету үшін «Мұсылман спорт лигасы» құрылды.

28 жастағы Одсен Пайтонның айтуынша, спорт - адамдарды табыстыратын құрал. Ол ислам дінінің адамзатты нәсіліне, ұлтына немесе түрі мен түсіне қарап алаламайтын, бірлікке шақыратын асыл іліміне ден қойып, осындай ұйым құруды жөн көрген екен.

2008 жылы іргетасы қаланған аталмыш ұйым еріктілердің қаражаты есебінен жұмыс істеп келеді.

Баскетбол, футбол, америкалық футбол мен бейсбол секілді спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырып келеді.

«Жыл сайын біздің ұйымға 500-600 адам келеді. Аудиториямыз шағын болғанымен құлашымыз кең», - деді үнінен мақтаныш лебі ескен Пайтон.

Аталмыш ұйымның іс-шараларына наным-сенімі өзгелер де қатыса алатынын айта кету керек.


Тегтер:

спорт

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!